Республика бойынша қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асты

фото: smartnews.kz
(0 Votes)

Республика бойынша халық арасында қызылша ауруының 11 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Ауырғандардың 70 пайыздан астамын егілмеген балалар құрайды.

Осы күрделі жағдайға орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қызылшаға қарсы санитариялық эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес қызылшамен сырқаттанушылдықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодекісінің 38 бабы 1 тармағының 7) тармақшасына және 102 бабының 1- тармағына сәйкес мынадай егілуге жататын контигенке: қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қызылшаға қарсы профилактикалық иммундау жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне егілетін адамның немесе ата-анасының(занды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паратитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT