Ресейлік дәрігерлер азғырлықтарды тегін емдейді

(0 Votes)
https://old.minzdravao.ru

Ауырып-сырқай қалса, Азғыр өңірінің тұрғындарына аудан орталығына қатынау оңай емес. Жер шалғай, жол жаман. Сол себепті олар іргедегі Ресейдің Харабайлы қаласындағы ауруханада қаралу мәселесін шешуді ұзақ жылдар бойы көтеріп келеді. Енді, ол шешімін тапқалы тұр.

Бұл туралы Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Асулан Абдрахманов:

– Ресейдің  Харабайлы аудандық ауруханасында қыр өңірі тұрғындарының қатынауын, оларға кедергісіз қызмет көрсету мәселесін шешуді  жоспарлаған болатынбыз. Осы бағытта Атырау және Астрахан облыстарының денсаулық сақтау басқармалары арасында үлкен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде «Жасыл дәліз», яғни, келісімшарт негізінде харабайлылық  дәрігерлер тарапынан қыр өңірінің халқына тегін медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру  қолға алынуда. Бірақ, тегін емдеу барлық ауруларға емес, тек шұғыл жағдайда, мысалы хирургиялық ота жасау, апатқа ұшырап зардап шеккенде ғана жасалады. Азғыр өңірінің тұрғындары ауыра қалса ұзақ, әрі қиын жолмен аудан орталығына шапқылап жүрмейді. Харабайлы қаласына барып тегін қаралады. Бұл  келісімшарт осы жылдан бастап күшіне енеді,– дейді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521