2025 жылға қарай қымбат тұратын медициналық қызметтердің көлемі 42%-ға артады

(0 Votes)

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін іске асыруды ескере отырып, қымбат тұратын медициналық қызметтер көлемі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 42%-ға ұлғаяды, бұл олардың халық үшін қолжетімділігін едәуір жақсартуы тиіс.

Егер 2021 жылы медициналық сақтандыру қоры 950 мыңға жуық қымбат медициналық қызметті қаржыландыруды жоспарласа, 2025 жылға қарай олардың саны 1 355 мыңға дейін артады.

«Әрбір емхана өзінің бекітілген халқын қымбат қызметтерге бағыттау жөніндегі жоспарларды анықтауы, сондай-ақ пациенттердің қызметтерді уақтылы алуы үшін маршрутын белгілеуі тиіс. Мерзімі 10 күннен аспауы керек. Онкологиялық ауруларға күдік туындаған кезде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді қымбат тұратын қызметтермен қамтамасыз ету маңызды», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер көлемін уақтылы орналастыруды, көрсетілетін қымбат тұратын қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторингті, қымбат тұратын қызметтердің қолжетімділігіне қатысты халықтың жүгінулеріне мониторингті және өңірлер бөлінісінде қымбат тұратын қызметтерді көрсету бойынша ақпарат ұсынуды жалғастыратын болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92. Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521