Оқушыларға вакцина салынды

(0 Votes)

Дыңғызылдық үш бала Pfizer вакцинасын қабылдады. Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің екі 11-сынып және бір 9-сынып оқушыларына қатарынан алғаш болып, ата-анасының рұқсатымен екпе салынды.

Қазір олардың жағдайы жақсы, қарсы көрсетілім жоқ. Тіпті, жасөспірімдердің бойынан «Спутник-V» вакцинасы сияқты дене қызуының көтерілуі не буынның сырқырауы сынды белгілер байқалмапты. Гүлжайна Айтбаева – аталған білім ошағында медбике болып жұмыс жасайды.

30bc40bd-e28d-4742-a316-841756f6993b

Екпе салу міндеті оған жүктелгендіктен, алғашқы дозаны өз ұлынан бастаған екен. Ол бұл екпенің оқушыларға жеңіл болатынын жеткізді. Өйткені оның құрамында тірі вирустар жоқ көрінеді. Ал, мектеп директоры Бауыржан Бекжановтың айтуы бойынша, балаларға арналған Pfizer вакцинасы туралы ата-аналармен жиі жиналыс өткізіліп, кеңінен түсінік жұмыстары жүргізіліпті. Екпе алуға алты оқушы кезекте тұр. Оның бәрі де өз еркімен салдырмақ.

0399682a-0aaf-4f9d-a25c-5b631af1c686

Айта кетейік, аудан бойынша аталған вакцинаның әзірге 150 дозасы ғана жеткізілген. Сонымен қатар, балаңызға қай учаскеден вакцина салдырсаңыз да өзіңіз білесіз. Бұл ретте ата-ана мен баланың құқығы шектелмейді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521