Міндетті медициналық сақтандыру — уақыт талабы

(0 Votes)
фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” атты Жолдауында “Еліміздің басты құндылығы – адам. 

Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.” Деп көрсеткен болатын.

Осы орайда елімізде қазақстандықтар денсаулығын қорғау бағытында бірқатар бағдарламалар қабылданып, көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Маңызды реформалардың бірі Халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі.

Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне міне 3 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау жүйесі жақсарды деп нық сеніммен айта аламын. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері түрлі консультациялық-диагностикалық тексерулер, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, күрделі оталар қолжетімді болды. Мысалы, кардиохирургиялық операцияларды күту ұзақтығы 3-4 айдан 1 айға дейін, бағасы қымбат КТ, МРТ қызметтері 10 күнге дейін қысқарды.

МӘМС-ті енгізу көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және олардың көлемін ұлғайту бөлігінде ғана емес, сондай-ақ күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік бергенін қосқым келеді. Сонымен қатар, бұрын ақылы негізде жүргізілген көптеген операциялар, мысалы, есту қабілетін қалпына келтіру операциялары МӘМС жүйесі аясында қолжетімді болды.

Жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалатын нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, ЭКҰ операциялары көпшілікке қолжетімді. Мысалы, құны 74 млн. теңгеден асатын кардиохирургиялық операцияны МӘМС аясында жасайды.

«Құрманғазы аудандық ауруханасы" Шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының «Құрманғазы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында халық тіркелімі порталында (РПН порталы) 01.01.2023 жылы 48607 тұрғын тіркелген. Оның ішінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен 41 381 азамат сақтандырылған.

2023 жылдың І тоқсанында Құрманғазы аудандық ауруханасында тәуліктік стационарда 588 науқас, оның ішінде 100 бала, күндізгі стационарда 267 науқас, оның ішінде 56 бала МӘМС шеңберінде емделді.

2023 жылдың 1 – ші сәуіріне «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы филиалы бойынша ауданымызда сақтандырылмаған 7226 тұрғынның мәліметтері келіп түсті. Бүгінгі таңда "сақтандырылмаған" тұрғындарға МӘМС жүйесінің тиімділігін түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарына Құрманғазы аудан әкімі орынбасарының бекіткен кестесіне сәйкес 12 ауылдық округте кездесулер ұйымдастырылып, жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жарияланып, ақпараттық-түсіндіру бильборттары мен бетшелер таратылуда.

Ауылдық округтер бойынша сақтандырылмаған азаматтарды төмендегідей жіктейтін болсақ: Алға ауылы-318, Еңбекші ауылы-341, Теңіз ауылы-277, Бірлік ауылы-326, Сафон ауылы-238, Кудряшово -329, Бөкейхан ауылы-243, Шортанбай ауылы-210, Жыланды ауылы -299, Қиғаш ауылы-143, Ақкөл ауылы - 447, Хиуаз – 424, Нұржау ауылы-245, Орлы ауылы-285, Сүйіндік ауылы-518, Балқұдық -375, Үштаған -196, Көптоғай – 141, Құрманғазы ауылы-1871 тұрғын, аудан бойынша барлығы 7226 тұрғын сақтандырылмағандар есебінде.

МӘМС жүйесінде сақтандырылушы мәртебесі болған кездегі артықшылық медициналық қызметтердің неғұрлым кеңейтілген тізбесін алу мүмкіндігі болып табылады. Шұғыл көмек шынымен сақтандырылмағандар үшін де көрсетіледі, себебі ол ТМККК шеңберінде жүргізіледі. Алайда, барлық дерлік аурулардың диагностикасы, барлық оңалту (туберкулезді қалпына келтіруден басқа) және жоспарлы емдеудің көп бөлігі тек МӘМС тізіміне кіреді. Мысалы, шұғыл шараларды қажет ететін өткір жағдай жоқ, бірақ мазаңыз болмаған жағдайда. МӘМС арқылы сіз бейінді мамандардан кеңес ала аласыз, диагностикалық процедуралардан, көптеген зертханалық сынақтардан өтіп, ауруханада ем ала аласыз. Жоспарлы операциялар, соның ішінде заманауи жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалынатын бірегей операциялар да міндетті медициналық сақтандыру бойынша жүзеге асырылады. Адам жарнаны заңда көзделген міндет болғандықтан ғана емес, өзінің денсаулығы үшін қоғам алдында ортақ жауапкершілікте болғандықтан да төлейді. Скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдай жасай отырып, МӘМС-ке өз қызметкері үшін аударымдар жүргізу арқылы жұмыс берушіге де осындай жауапкершілік артылады. Үшінші қатысушы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қамқорлық танытатын, яғни барлық жағдайды жасайтын мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылы 16 қарашада қабылданған №405 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес сақтандырылған азаматтардың «кеңейтілген» медиицналық көмекті алу артықшылығы бар екеніндігін тұрғын халыққа жеткізу, әрбір сақтандырылмаған азаматпен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп келеді. Жанына шипа іздеп келген «сақтандырылмаған» азаматпен тіл табысып, ол адамға жеке түсіндіру жұмысын жүргізіп, Заң аясында белгіленген тәртіппен төлемдерім жүргізгеннен кейін мәртебесі «сақтандырылған» деп айқындалған уақыттан бастап медициналық қызметтің толық пакетімен көмек көрсетіліп отырғанын айта аламыз.

Зулкашева Саида Уахаповна,

Құрманғазы аудандық аурухана директорның м.у.а.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521