Медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам заңбұзушылық анықтады

(0 Votes)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам түрлі заңбұзушылық анықтады, медициналық ұйымдарға 4,6 млрд теңге айыппұл салынды.  

2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бекітілген стандарттар сақталмай көрсетілген медициналық көмек көлемі 3 есе көп, ал 2019 жылдың 1 жартыжылдығында салынған айыппұл 2,7 млрд теңге еді.

Атырау облысы бойынша 103,9 млн теңге юолды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 277 млн теңге айыппұлды құрады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты түрде мониторинг жасайды.
Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін қаржыны көрсетілген медициналық көмектің бекітілген стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілгеннен кейін төлейді.

Сапа мониторингі ақпараттық жүйелерді пайдаланып, қашықтықтан жүргізіледі де, осылайша "адами факторды" барынша азайтады.

Медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық-емханалық деңгейден стационарға дейінгі аралық мониторингті қоса алғанда, процестерді автоматтандыру ісін жалғастыруда.
Қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайлардың мониторингі бойынша тәжірибе арттыруда.

Қор мұндай жұмысты күн сайын және тұрақты негізде жүргізеді. Салынған айыппұлдар қайтадан медициналық қызметтерге төленетін ақы ретінде пайдаланылады.

Қазір жұрт әлеуметтік желілерде медициналық ұйымдар «жалған тіркеген» фактілерді белсенді түрде жазып, талқылауда.
«Біз жеткізушілер арасындағы заңбұзушылықтарды жоюға мүдделіміз. Сондықтан азаматтардан әділетсіз жағдайлар жайлы хабарлауларын сұраймыз. Қор пациенттерден келген әрбір ресми өтініш бойынша шара қабылдайды», - деді медициналық сақтандыру қорындағылар.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы хабарласу қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521