Медицина саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ретінде Президенттің жасанды интеллектті денсаулық сақтау жүйесіне енгізу бастамасын құптаймын. Бұрын диагноз қоюда, науқастардың деректерін сақтауда қиындықтар кездесетін. Ал жаңа технологиялар ауруларды ерте анықтап, емдеу сапасын жақсартады. Әсіресе шалғай ауыл тұрғындары үшін қашықтан медициналық көмек алу – үлкен мүмкіндік. Бұл бастама халық денсаулығын қорғауда жаңа белес ашады.
Меңдібай Досқалиев,
Медицина саласының ардагері