Бөлімнің негізгі мақсаты – халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастыру. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс. Организмде иммунитет иммунитет тапшылығын тудыратын бұл індеттің алдын алу – кешенді шараларды жүргізуді талап етеді.
Облыстық ЖИТС орталығы жергілікті атқару органдарымен, денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты басқармаларымен, басқа да салалармен және қоғамдық ұйымдармен бірге АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының жоспарларын жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді.
Ішкі істер, Қорғаныс министрлігі, Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-ның алдын алу шаралары ұйымдастырылып, жеке құрам мен медицина қызметкерлерінің, сотталғандардың арасында семинарлар, тренингтер, т.б шаралар жүргізіледі.
Әлеуметтік осал топтарға жататын коммерциялық емес секс қызметкерлері, инемен есірткі тұтынушылар, еркектермен жыныстық қатынастағы еркектер «Зиянды азайту» бағдарламасы негізінде алдын алу бағдарламасымен қамтылады, АИТВ-ға тексеріледі. Олардың арасынан жұмысқа аутрич-қызметкерлер тартылады. Аутричтер «Тең-теңіне» ұстанымы (принцип «Равный-равному») бойынша өз тобына АИТВ-ның алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі.
Әлеуметтік осалтоптарды қамту үшін орталыққа Достастық кабинеті мен сенім бекеттері жұмыс жасайды.
Халыққа, бизнес құрылымдарға АИТВ ЖИТС-тің таралу және алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, түрлі салалар мамандарын, жалпы орта білім беретін мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында мұғалімдерді, оқушыларды және студенттерді оқыту ұйымдастырылады, санитарлық-ағарту шаралары жүргізіледі, ақпараттық материалдар пайдаланылады.