Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, елді жайлаған індеттен сақтану үшін оған қарсы «Спутник-V» екпесі шығарылған сәтте, Панфилов жом мектебінің ұстаздары ерікті түрде жүз пайыз вакциналанған болатын.
Енді екпенің үшінші кезеңін қабылдауда да алдыңғы саптан табылып, ревакцинацияланудамыз. Қазіргі уақытта 13 педагог пен 20 кіші қызметкер вакцина қабылдады. Ал, қалған панфиловтықтар өз мерзімінде ревакцинациялануға дайын.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген даналықтың астары осы тұста білінеді. Адамды өлімге дейін әкелетін тәжтажалдан қорғаныш екпесін қабылдау арқылы өзімізбен қоса, отбасымызды, ағзасы енді жетіліп келе жатқан оқушыларымыздың саулығын сақтаймыз. Басты байлығымыз – денсаулығымызға олқы қарамайық. Тұрғындардың өміршеңдігі мен кемел келешегі үшін дайындалған екпенің қауіпсіз екенін естен шығармай, қаңқу сөзге ермей, індетті бірге еңсерейік!
Нұртілек Батуов
Панфилов жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары