Әлемді әлі әуреге салып тұр

(0 Votes)

Түркияда COVID-19 оқиғаларының тәуліктік өсімі 25 мыңға дейін жетті, 126 адам қайтыс болды, бұл соңғы үш айдағы ең жоғары деңгей. Шілде айының басынан бастап инфекция бес еседен астам өсті.

Қаңтарда Түркияда қытайлық «CoronaVac» вакцинасымен коронавирусқа қарсы жаппай иммундау басталды, ал, наурыздан «Pfizer» препаратын қолдана бастады. Сәуір айының соңында ресейлік «Спутник V» екпесін жедел пайдалануға рұқсат етілді. Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирустық вакциналардың алғашқы дозасын 41 миллионнан астам азамат алды, екі дозаны да алғандар саны – 27 миллионнан астам.

Ресей астанасында коронавирустық инфекция таралуының күрт өсуі тіркелді. Науқастар саны үштен бір бөлікке артты. Бір күн ішінде SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған 3330 адам тіркелді. Пандемия кезінде Мәскеуде 1 511 940 инфекция жұқтыру дерегі тіркелді, 25 779 тұрғын көз жұмды. Ресей Федерациясында пандемия басталғалы коронавирустық инфекцияның 6 312 185 жағдайы тіркелді, 160 137 адам қайтыс болды.

Германиядағы коронавирустық жағдай туралы Роберт Кох институты ақпарат таратты. Соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирустық инфекциясы бар 847 жаңа науқас және бір адам қазасы тіркелді. Пандемия кезінде Германияның 3 772 109 тұрғынында коронавирус анықталды. Германияда COVID-19 диагнозымен қайтыс болған науқастардың саны 91 600 адамды құрайды.

Моңғолияда коронавирус жұқтырудың 180 мыңнан астам расталған жағдайы тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, соңғы 24 сағат ішінде 6 530 ПТР-тестілеу өткізілді, оның ішінде 1 402 оң нәтиже берді. 9 080 пациент медицина мекемелерінде емделуде, 191-і өте ауыр жағдайда, тағы 2 953-і ауыр жағдайда. Жалпыұлттық вакцинация науқанында ересек тұрғындардың кем дегенде 60 пайызын егу жоспарлануда.

Иран ислам республикасының билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында бүкіл ел бойынша алты күндік локдаун енгізді. Үкімет COVID-19 бесінші толқынын жариялады. Иранда келесі аптада кезектен тыс демалыс белгіленуде. Сонымен қатар, коронавируспен байланысты жағдайдың ушығуына байланысты провинциялар арасында қозғалуға екі апталық тыйым жарияланды.

Ақпарат көздерінен А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT