Құрманғазы аудандық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық ота түрі жасалды.
Аудандық аурухананың мәліметінше ота білікті мамандардың қатысуымен, жоғары деңгейде өткен. Бүгінгі таңда ота жасалған науқастардың жағдайлары өте жақсы.
Алдағы уақытта осы ота түрі өз ауданымызда жалғасын табатын болады.
Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі.
Бұл операция еліміздің медицинасында бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқанымен, аудандық аурухананың тәжірибесіне енді ғана енгізілуде.
Анықтама үшін:
Ота жасауға қатысқан мамандар:
ШАНАЕВ ДАУРЕН ТОЛАҒАЙҰЛЫ - I санатты дәрігер хирург.
Атырау Облысының Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі.
Атырау облыстық ауруханасының директорының хирургиялық бейін және шұғыл медициналық көмек бөлім жетекшісі. Еңбек өтілі 17 жыл.
ТУГАНБАЕВ МАКСАТ БАГЛАНОВИЧ – Онкогинеколог, урогинеколог, хирург. Жоғары санатты дәрігер. Облысымыздың ірі, көпсалалы клиникаларында жетекші маман. Еңбек өтілі 13 жыл.
АБУЛХАЙРОВ ИСЛЯМ МИХАЙЛОВИЧ
Анестезиолог-реаниматолог, жоғары санатты дәрігер. Реанимация бөлімшесінің меңгерушісі.
Еңбек өтілі 32 жыл.
АБДИХАЛИКОВ ЖАНАБИЛ СУЛТАНГАЛИЕВ
Акушер-гинеколог, жоғары санатты дәрігер. Перзентхана бөлім меңгерушісі.
Еңбек өтілі 31жыл.
ӘМІРХАНОВ БЕКБОЛАТ ЗӘМЗӘМҰЛЫ
Хирург, жоғары санатты дәрігер. Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
Еңбек өтілі 32жыл.
БЕКҰЛЫ АСҚАР
Акушер-гинеколог, I санатты дәрігер. Директордың ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары.
Еңбек өтілі 12жыл.
МОЛДИЯРОВ МИРАС ШЕДРИНҰЛЫ
Дәрігер хирург. Еңбек өтілі 4 жыл.
МӘДЕНИЕТОВ ЕЛАМАН БЕКБОЛАТҰЛЫ
Анестезиолог-реаниматолог. Еңбек өтілі 3 жыл
МУРЗАГАЛИЕВ РАВИЛЬ ЕРЛАНОВИЧ
Акушер-гинеколог
Еңбек өтілі 2 жыл.