Коронавирустан қорғанудың ең тиімді құралы анықталды

(0 Votes)

Әлемдік рейтинг бойынша коронавирустан қорғанудың ең тиімді құралы - бетперде мен респиратор екендігі анықтылды.

Көбіміздің төзімімізді тауысып, қашан осы бетпердеден құтылар екенбіз деп жүрген бетперде мен респиратор қауіпті дерттен қорғанудың ең тиімді әрі ең басты құралы болып танылды. Ал бетпердесіз жүрген вирус тасымал­даушылар жұқпаны 70 пайыз жағдайда бетперде таққан сау адамға жұқтыру қаупі жоғары дейді мамандар. Ал бетперде тағып жүрген науқас адамның төңірегіндегілерге төндірер қаупі 1,5 пайызға төмен көрінеді. Респиратор да індеттен қорғанудың басты құралдарының бірі саналады. Дейтұрғанмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша респираторды инфекция жұқтырды деген қаупі бар науқас адамға көмектескенде ғана киген дұрыс. Ал жұқа респираторларды әрбір екі ­үш сағатта бір ауыстырып тұрмаса, оның өзі бактериялардың дамуына қолайлы орта болуы әбден мүмкін.

http://almaty-akshamy.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521