Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №84-ө өкімімен бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың жол картасының» 38 тармағына орай «Волонтерлер мектебі» жобасы аясында кәсіби еріктілер даярлаудан өту үшін Құрманғазы аггарлық техникалық колледж студенттері №7 өрт сөндіру бөлімінің, аудандық орталық аурухананың мамандарымен кездесті.
Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Үкіметтік емес ұйымның» Құрманғазы ауданы бойынша маманы Балжан Жұмалиева шараның мәні мен мақсатына тоқталды. №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дәурен Нухов кез келген адам қоғамдық ортада қауіпсіздік ережелерін қалай сақтауы қажеттігін, төтенше жағдайдағы алғашқы іс-әрекеттерін, өрт сөндіргішті қолданудың механизмдерін түсіндірді. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде тіпті туысы, танысына көмек көрсете алмай жатады.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – жедел жәрдем келгенше адам өмірін құтқару. Медицина мамандары Салтанат Сисенғалиева, Әсел Темірханова, Ерхан Бақтыгереева адамның естен тану немесе қан кету жағдайларында алғашқы көмек көрсетудің тәртібін үйретіп, тәжірибе жүзінде көрсетті. Практикалық бөлімде студенттер зардап шегушіге көрсетілетін алғашқы көмектің әдіс-тәсілдерін өздері жасап көрді.
А.Шакупова