ЕКПЕДЕН ЕШКІМ ЗИЯН ШЕКПЕЙДІ

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова төрағалық етті.

Аудан бойынша міндетті екпе түрлерін қабылдау қажеттілігі жөнінде оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жайлы баяндаған аудандық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Светлана Хамзина:

– Қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы бала саны өсу көрсеткішімен алғанда 296 болып отыр. 2021 жылы 7 жаңа туған, 14 бір жасқа дейінгі, 37 бір жастан асқан балалардың ата-аналары екпеге қарсылық білдірді. Екпеден бас тарту себебінің 209-ы діни көзқарасқа, 71-і жеке ұстанымдарына байланысты болса, 15-і уақытша медициналық қарсы көрсетілім (медотвод) анықтамасы барлар. Есепті мерзім ішінде екпеден бас тартқан 16 балаға түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде екпе салуға қол жеткізілді. Бүгінде ауданымызда құрамында 10 лауазымды тұлғалар бар консультативтік топ жұмыс жасауда. Коронавирустық инфекцияға және тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын контигенттердің тізімі жасақталған. 24241 адамды вакцинациялау жоспарланып, 16681 адам екпемен қамтылды. Пфайзер вакцинасын 270 адам алды, оның 96-сы жасөспірім, 11-і жүкті әйелдер, 156-сы бала емізетін аналар. Тұмауға қарсы екпемен 4600 тұрғын қамтылды. Манту сынамасынан бас тартқан білім беру ұйымдарындағы 307 оқушының ата-аналарымен, ұстаздардың қатысуымен түсінік жұмыстары жүргізілді. Қорытындысында 95 бала манту сынамасын алды. Қалған 212 баланың ата-аналарымен түсінік жұмыстары жалғасуда, - деп көтеріліп отырған мәселеге қатысты ақпараттар берді. Комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

65231fc2-0be8-4438-9c61-fccf9cc75445

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер тыңдалған соң комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы:

– Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыра түсу қажет. Діни көзқарасына, жеке ұстанымына байланысты екпеден бас тартқандарға ол балаларының болашағы үшін екенін жақсылап түсіндіріңіздер. Бұған дейін де бұл екпелер салынып келді, ешкім зиян шеккен жоқ. Сондықтан одан басын алып қашу дұрыс емес деп есептеймін, - деп комиссия мүшелері мен қатысушылар тарапынан айтылған сын-ескертпелерді хаттамаға енгізуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521