Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, вакцинациялауға жататындар кеңеймек.
Яғни, ол қатарға, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек- тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, жабқ мекемелердің контингенті,мектеп оқушылары енуі мүмкін. Республикамызда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың жалғастырылады. Оған қоса, қазіргі уақытта тұмаудың таралу қарқыны тездігін ескере отырып, ауруға қарсы екпе де салынады. Мұндай жағдайда, екі вакцина арасындағы аралықты сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, «Спутник V» вакцинасы үшін төрт апта және басқаларына екі аптадан сақтау ұсынылады.
Аудан бойынша тұмауға қарсы қамтылған адамдар саны – 1150. Оның ішінде, 5-14 жастағы балалар – 149, созылмалы аурулары бар жасөсірімдер – 92, 14 жасқа дейінгі мектеп оқушылары -39, ересектер - 1001, созылмалы аурулары бар азаматтар - 597, медицина қызметкерлері-140, жүкті әйелдер -95
Г.Т.Тоғаева
Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бөлімінің басшысы