Тәуелсіздік алаңында 1948 жылдан бері аталып келе жатқан 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды.
Шарада аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әдебиет Ердешовтер сөйлеп, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, денені шынықтыруға көп көңіл бөлуге шақырды. Бұдан соң мектеп оқушыларының қатысуымен 20 минуттық жаттығу жасалып, аудандық аурухананың жас мамандарының «Сау болу – сәнді» ұранымен флеш-мобына ұласты.
А.НӘЖІМОВ.