COVID-19: Құрманғазыдан 4 адам анықталды

(0 Votes)

Атырау облысында өткен тәулікте 111 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 29  адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 71 адамға жеткен. Құрманғазы – 4, Қызылқоға,  Жылыой ауданы – 2, Индер, Исатай және Мақат ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 26 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 166 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 103 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда  41, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 848 адам ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы "қызыл аймаққа" енген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521