COVID-19: Құрманғазыдан 2 адам анықталды

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 6 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 61 адамға жеткен. Құрманғазы – 2 және Жылыой ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 15 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 71 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 397 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 82 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 30, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 809 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521