COVID-19: Құрманғазыдан 1 адам анықталды

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 14  адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 59 адамға жеткен. Жылыой– 3, Құрманғазы және Исатай ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 9 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 75 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 322 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 74 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 28.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT