COVID-19: Құрманғазыдан 1 адам анықталды

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 26 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 54 адамнан болса, Құрманғазы және Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 81 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 232 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8 науқас, модульдік стационарда 109, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 266 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521