COVID-19: Құрманғазы ауданынан тағы да 5 адам анықталды

(0 Votes)

Атырау қаласы қауіпті инфекцияның таралу  ошағы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Ал, скрининг нәтижесінде қауіпті індет Теңіз кен орнынан 8 адамнан расталған.

Аудандарға келетін болсақ,  Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 2, Мақат ауданының 1 тұрғынында Covid-19 анықталды, Құрманғазы және Махамбет аудандарында аурудың тағы 5 жағдайы тіркелді.

Коронавирус  инфекциясы бар 59 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 79 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта үй жағдайында 835 адам, модульдік ауруханада – 175 , облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 81, аудандық инфекциялық стационарларда – 119 адам ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 124 науқас емделуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521