COVID-19: Құрманғазы ауданынан 6 адам анықталды

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 13 адам тіркелген.

Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 36 адамға жеткен. Құрманғазы-6, Қызылқоға, Махамбет және Жылыой аудандарынан 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 13 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 108 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 350 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 20 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT