COVID-19: Құрманғазы ауданынан 5 адамнан анықталды

(1 Vote)

Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды https://atpress.kz

Қауіпті дертке шалдыққан 20 науқас Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 44 жұмысшыдан инфекция анықталса, Жылыойда - 3, Қызылқоғада - 1, Құрманғазы ауданында - 5 адамнан анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 14 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 65 адам емделіп шыққан. Қазіргі уақытта 264 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда - 34, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 812 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521