COVID-19: Құрманғазы ауданынан 2 адамнан анықталды

(0 Votes)

«325 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 45 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 2 адам анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 3, Индерде 1, Исатай ауданында – 3, Қызылқоғада – 2, Махамбет ауданында – 1,Құрманғазыда - 2, Мақат ауданында- 2адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 36 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 53 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 339 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 112, №2 облыстық ауруханада -99, фтизиопульманологиялық орталықта -10, аудандық инфекциялық стационарларда – 65 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 39 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521