Індеттің жаңа толқынымен күрес күшейтілуде

(0 Votes)

Атырауда коронавирус инфекциясының орын алуы әбден ықтимал екінші толқынына қарсы жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды https://atpress.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағанындай, бүгінде коронавирус инфекциясының ахуалына қатысты жағдай тұрақты екен. COVID-19 індетінен емдеу үшін 520 кереут дайын тұр. Алайда, жағдай ушығып кетсе, орындардың саны 2080 дейін көбейтіледі, оның ішінде реанимациялық орындар саны да 120 дейін артады.

- Инфекциялық станционарлар жаңа модульды аураханада, облыстың ірі медициналық мекемелерінде, барлық аудандық ауруханаларда, Теңіз кенішінде де ашылады. Коронавирус инфекциясынан емдеуге медициналық мекемелерде екі айлық қор жасақталған. Дәріханалық жүйелердегі дәрі- дәрмектің түгесілмейтін қорын жасақтау үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 684,5 млн. теңге бөлді. Олардың ішінде 620,1 млн. теңгеге алынған дәрі- дәрмек тұрақтандыру қорының қоймасында, 64,4 теңгеге сатып алынғаны облыстың дәріханаларына үлестірілген. Оның үстіне, демеушілердің көмегімен 251,2 млн. теңгеге дәрі-дәрмек те облысымызға жеткізілді, – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Дәл қазіргі уақытта 8 ПТР-зертхана қызмет көрсетеді. Олар тәулігіне 3636 тестілеу жасайды екен. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық қамтылуына келер болсақ, олардың барлығы да 224 өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтылған. Осындай тағы да 14 аппарат әкелінеді деп күтілуде. Облыстық перенаталдық орталығынан бөлек, оттегі стансасы тағы жеті медициналық мекемеде орнатылады.

Індетке қатысты жағдай облыс аумағында тұрақты болғанымен, бетперде киіп, ара-қашықтықты сақтау күн тәртібінен әлі де түсе қоймағанын медицина қызметкерлері жұртшылыққа тағы бір мәрте ескертті.

ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521