Ауданда дәрігерлер тапшы

(0 Votes)

Жыл қорытындысымен аудан бойынша 78 дәрігер, 364 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді, 5 дәрігер жетіспеушілігі бар (2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 акушер-гинеколог, 1 инфекционист).

Ағымдағы жылы 5 жас маман жұмысқа қабылданды,оның 3-еуі жалпы тәжірибелі дәрігер,1-еуі дәрігер эпидемиолог, 1-еуі дәрігер хирург. 

Коронавирус жағдайын тұрақтандыру мақсатында коронавирусқа қарсы екпе жұмыстарына екпе жасайтын медицина қызметкерлері арасында семинар өткізіліп, екпе препараттарын сақтайтын арнайы салқындатқыш режимі бар мұздатқыштар  сатып алынды.         

Аудан бойынша екпе алуға жататын тұрғындар  саны 24241 болса, оның 69 пайызы, яғни, 16763 адам екпе алған,күні бүгінде екпе алушылар саны көбеюде.

Аудан аумағында  короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмыс нәтижесімен  жыл басынан 20723 объектілерге рейд жүргізіліп, 74 карантиндік шектеу шараларын бұзу фактілері анықталып, аудандық санитариялық эпидимиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT