Ауданда бір тәулікте 25 адам COVID-19 жұқтырған

(0 Votes)

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың  өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 486 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 332 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 26 науқас анықталды. Ал, 40 - Жылыой ауданында, 16 -  Индер ауданында, 8 - Исатай ауданында, 25 -  Қызылқоға ауданында, 25 - Құрманғазы ауданында, 9 - Мақат ауданында, 15 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 235 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 251 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 100 адам емделді.

Қазір 5 381 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 56, модульдік ауруханада - 170, фтизиопульманологиялық орталықта - 44 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 77. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 285 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT