Ауданда барлығы 163 адам коронавирус жұқтырған

(0 Votes)

Ауданымызда індет кезінде 972 коронавируспен және ауруханадан тыс пневмониямен ауырғандар тіркеліп, олардың 616-сы ауруханаға жатқызылып, 265-і үй жағдайында емделді.

Жалпы аудан бойынша 163 адам коронавирусқа оң нәтиже бойынша тіркелді, олардың 41-і әртүрлі фирмалардан вахталық жұмыстан келген жұмысшылар. Ал, КВИ-ға оң нәтижелі адамдармен қарым-қатынаста болған 298 адам үйдегі карантинде бақыланды.

Өкінішке орай, ауданымызда коронавирустан – 5, пневмониядан – 10 адам қайтыс болды.

Пандемиямен күреске барлығы 362 қызметкер, оның ішінде 60 дәрігер, 171 медбике, басқа да қызметкерлер жұмылдырылды. Ауданға қарасты емдеу-сауықтыру мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2025 жылға дейінгі мерзімге күрделі жөндеу мен жаңадан құрылыс бойынша даму жоспары жасақталды. 2020 жылға 3 мекеменің жаңадан ғимарат құрылысы жоспарланып, алғаш рет Шестой ауылынан медициналық пункт салу үшін құжаттары дайындалып, бірінші кезеңі орындалып отыр.

Гүлсара Мүтиева,

аудандық орталық аурухананың бас дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521