Коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне 2 млрд. 145 млн. теңге төленді

Рейтинг: 0 / 5

Атырауда пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 2 млрд. 145 млн теңге төленді

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, бұл наурыз бен тамыз айлары аралығын қосқандағы көрсеткіш. ⠀

«Облыс бойынша, коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны - 1085. Оның ішінде, коронавирус жұқтырған 561, вирустық пневмония диагнозымен 524 медициналық қызметкер тіркеуге алынды. Бүгінгі күні 79 медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден үстемақы төленді. Көз жұмған екі медицина қызметкерінің отбасының әрқайсысына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады» дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀

Еске сала кетелік, пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды. Оның алтауы коронавирустан, жетеуі вирустық пневмония салдарынан өмірден озды.

Сурет: ашық дереккөз

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика