banner_damu

Атырауда инфекциялық төсек орындар қысқартылып жатыр

(0 Votes)

«Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

«Індет басталғалы аймақта 49500 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осы аралықта сырқаттанған науқастардың 93%-ы сауығып шықты. Вирустың таралу деңгейінің ​ төмендеуіне байланысты, облыс бойынша инфекциялық төсек орындар саны қысқартылып жатыр. Мәселен, Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеуге көшті. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас емделуде. ​ Ал, осыдан бір ай бұрын 1818 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын» деп атап өтті спикер Бақытгүл Хаменова. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Еске сала кетелік, пандемияға байланысты Атырау қаласында 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында 200 орындық модульдік аурухана іске қосылды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика