КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

(0 Votes)

16 ақпан күні аумақтық коалиция мүшелері А.Аққайнанов пен С.Темірғалиев «QazaqGazAimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалы Қызылқоға газ шаруашылығы мекемесіне арнайы барып, ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында коалиция мүшелері Конституцияның жаңа жобасының негізгі қағидаттары мен тұжырымдамалық бағыттарына жан-жақты тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын түсіндірді.

Атап айтқанда, жаңа түзетулердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, заң үстемдігін нығайтуға бағытталғаны айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті арттыру мәселелері де кеңінен сөз болды.

 Ашық форматта өткен басқосу еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушылар конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, жаңа бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT