Жаңа Конституция жобасы мазмұндық тұрғыдан түбегейлі жаңаруымен ерекшеленеді. Әсіресе адамға бағдарлану қағидаты – мемлекеттің де, Конституцияның да өзегіне айналған басты идея. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланып отыр. Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде айқындалады.
Конституцияның негізгі міндеті – әртүрлі саяси күтулерді қанағаттандыру емес, берік іргетас қалау. Дәл осындай ұстаным мемлекеттілікті, қоғамдық келісімді және ел дамуының болжамдылығын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан елім деген әрбір азамат 15 наурызда өтетін республикалық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс беруі маңызды.
Бұл мәселе Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі базасында өткен республикалық референдум бойынша үгіт-насихат тобының кездесуінде жан-жақты талқыланды.
Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әділ Жұбанов пен Серік Ерубаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры, облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисов және «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Кездесуде Ата заң жобасындағы негізгі тетіктер кеңінен сараланды.
Жиында Саламат Нұрмұханұлы референдум – халықтың өз еркін тікелей білдіруінің айқын көрінісі, демократиялық қағидаттардың нақты жүзеге асу тетігі екенін атап айтты.
– Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық дауыс беру азаматтардың ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, мемлекет дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Референдумды қолдау мақсатында еліміздің бес саяси партиясының бастамасымен коалиция құрылған. Бұл коалиция қоғамның түрлі салаларын біріктірген маңызды қоғамдық бастама. Негізгі мақсат – конституциялық өзгерістердің мәнін халыққа түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және референдумның ашық әрі әділ өтуіне қоғамдық қолдау көрсету. Құрамына қоғамдық ұйымдар, сарапшылар, ғылыми орта өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері мен түрлі әлеуметтік топ өкілдері енді, – деді ол.
Халық қалаулыларының пікірінше, Конституция қоғамдағы өткінші эмоцияларға немесе саяси конъюнктураға жауап бермеуі тиіс. Оның міндеті – кез келген жағдайда мемлекеттің басқарылуын қамтамасыз ететін, уақыт сынынан өткен қағидаттарды бекіту.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбановтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы бірқатар тұғырлы бағыт бойынша ерекшеленеді.
– Біріншіден, қазіргі геосаяси өзгерістер мен әділеттілікке деген қоғамдық сұраныс жаңа қоғамдық келісімді талап етеді. Осы реформалардың түйіні ретінде жаңа Халық Конституциясының жобасы ұсынылып отыр. Екіншіден, жаңа Конституция адамға бағдарланған сипатқа ие. Онда ұлттық болмысымызға, тарихи жолымызға және қоғам құндылықтарына басымдық берілген. Үшіншіден, қолданыстағы Конституция өз дәуірінің жемісі болды. Ал жаңа жоба заманауи талаптарға сай әзірленді. Құжат Преамбуладан, 11 бөлім мен 96 баптан тұрады, – деді депутат.
Халық қалаулысының айтуынша, жобаға сәйкес, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Билік референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Халық пен мемлекет атынан әрекет ету құқығы Президентке және ұлттық парламент – Құрылтайға тиесілі. Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп белгіленіп, мемлекет олардың меншік иесі ретінде әрекет ететіні, ал жер заңда белгіленген шектерде жеке меншікке берілуі мүмкін екені көрсетілген.
–Мемлекеттік билік құрылымына қатысты бірқатар өзгерістер ұсынылған. Атап айтқанда, 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай құру көзделген. Ол пропорционалды сайлау жүйесі бойынша (партиялық тізім арқылы) қалыптасады, депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Сонымен қатар жалпыұлттық диалог алаңы ретінде Қазақстан Халық Кеңесін құру, Вице-Президент институтын енгізу ұсынылады. Жаңа Ата Заң мәтінінде қалыптасқан мемлекеттілік, халықаралық бедел, сондай-ақ адам капиталына, білімге, ғылым мен инновацияларға басымдық берілген даму бағыты айқын көрініс тапқан, — деді Әділ Орынбасарұлы.