Атырауда COVID-19 жұқтырған 3 адам анықталды

(0 Votes)

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 61 адамның үшеуі Атырау облысынан, деп хабарлайды https://atpress.kz

Ковид жұқтырғандардың көбі Шығыс Қазақстан облысында (18) тіркелген. Қарағанды облысында 6 адам ковид жұқтырғаны анықталды.

Қалған өңірлердегі ахуал тұрақты (1-5 адам). Өткен тәулікте Шымкент қаласы мен Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бірде бір дерек тіркелмеген.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстан бойынша – 107 590 адам коронавирус жұқтырған.

Өткен тәулікте COVID-19 індетінен айыққандар саны 37 адам. Оның бесеуі Атырау облысында. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы (17) Өзге аймақтардағы жағдай бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3

Алматы қаласы - 17

Ақтөбе облысы - 3

Атырау облысы - 5

Қостанай облысы - 1

Павлодар облысы - 4

Түркістан облысы – 4

Індет басталғалы бері елде – 102 360 адам коронавирустан емделіп шыққан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521