Атырауда 8 адам инфекция жұқтырған

(0 Votes)

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 102 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырауда сегіз адам қатерлі індет жұқтырған. Өткен тәулікте коронавируспен ауырғандардың көбі Нұр-Сұлтан (17) және Алматы (10) қалалары мен Шығыс Қазақстан (15) және Павлодар (11) облыстарында тіркелген. Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында 9 жаңа жағдайдан тіркелсе, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 6, ал Ақмола облысында бес адамға жеткен. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында COVID-19 жұқтырғандар анықталмаған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 508

Сондай-ақ, өткен тәулікте 29 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Павлодар облысында (9 адам). Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты науқастан емделіп шыққса, Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясынан бір пациенттен дерттен айыққан.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 105 030

Фото ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521