Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 74 адам коронавирус жұқтырған.Атырауда сегіз жаңа жағдай анықталып отыр, деп хабарлайды https://atpress.kz
Инфекция жұқтырғандардың көбі Шығыс Қазақстан (11) мен Солтүстік Қазақстан (11) облыстарында тіркелген.
Қарағандыда – 7, Павлодарда – 6 адам коронавирус жұқтырған.
Қалған өңірлердегі ахуал: Нұр-Сұлтан қаласы - 5
Алматы қаласы - 5 Шымкент қаласы - 1
Ақмола облысы - 4 Жамбыл облысы - 3
Батыс Қазақстан облысы - 3
Қостанай облысы - 4
Маңғыстау облысы - 5
Түркістан облысы - 1 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 831.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 61 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан.
Оның басым бөлігі Маңғыстау облысында (42 адам). Қарағандыда 8, Шымкент қаласында 7 адам індеттен айыққан. Ақтөбе және Павлодар облысында індеттен айыққан екі пациенттен тіркелген.
Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 104041.