Атырауда 4 адам COVID-19 жұқтырған

(0 Votes)

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 60 адамның төртеуі Атырау облысынан, деп хабарлайды https://atpress.kz

Инфекция жұқтырғандардың көбі Шығыс Қазақстан облысында (16) тіркелген. Солтүстік Қазақстанда 9, Қарағанды облысында 6 адам коронавирус жұқтырған. Қалған өңірлердегі ахуал тұрақты (1-5 адам). Өткен тәулікте Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Петропавл және Қызылорда облыстарында бірде бір дерек тіркелмеген.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстан бойынша – 108 296 адам коронавирус жұқтырған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 90 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның басым бөлігі Маңғыстау облысында (30 адам). Шымкент қаласында 23, Қарағанды облысында 17 науқас дерттен айыққан. Атырауда төрт пациент коронавирустан емделіп шыққан. Алматы қаласында 5 адам, Павлодар облысында 4 адам, Қызылорда облысында екі науқас емделіп шыққан. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы және Түркістан облыстарында бір адамнан індеттен айыққан.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 103 367.

ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT