banner_damu

Атырауда 230 орындық инфекциялық стационар жабылды

(0 Votes)

Өңірде коронавирустық инфекциямен аурушаңдық деңгейінің төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

N1 облыстық ауруханасы жанындағы 230 орындық инфекциялық стационар жабылуда. Қазірдің өзінде медициналық мекемеден төрт науқас шығарылды, бұған дейін олар пневмония және өкпе қабынуының әртүрлі дәрежесімен медициналық мекемеде ем алған болатын. Тағы бес науқас аурухананың басқа бөлімшесінде ковидтан кейінгі оңалтудан өтеді.

- Аурухана жанындағы инфекциялық стационар шілде айында ашылды. Сол себепті, науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатып, алты бөлімшені басқа ауруханаларға ауыстыруға тура келді. Пандемия басталғаннан бері бізде 446 науқас емделді, барлығы негізінен өңірдің әртүрлі инфекциялық стационарларынан ауыр халде түсті, олардың көпшілігі үйлеріне шығарылды, - деді N1 облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Айта кетейік, 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Атырау облысында кардиологиялық орталық, теміржол ауруханасы және колледждердің екі жатақханасы жанындағы инфекциялық стационарлар жабылады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика