Атырау облысының 156 мың тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпе алды

(0 Votes)

Вакциналардың толық кешенімен 114 мыңнан астам адам егілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірде халықты Covid-19-ға жаппай вакцинациялау жалғасуда.

10 тамыздағы мәліметтер бойынша, бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 1987 жергілікті тұрғын алды, II компонентпен 1320 адам егілді.

2021 жылғы 1 ақпан мен 10 тамыз аралығында барлығы Covid-19-ға қарсы вакциналарының I компонентімен 156 690 адам егілді.  II компонентімен 114 070 жергілікті тұрғын егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 - 02 - 92.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT