Атырау облысы «жасыл» аймаққа көшті

(0 Votes)

Соңғы тәулікте оңірде 35 адам  Covid-19 жұқтырған деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 35 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 22 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Исатай ауданында - 2 науқас анықталды, Қызылқоға ауданында - 3 адам, Құрманғазы ауданында - 2, Мақат ауданында  - 2 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 12 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 35 адам емделді.

Қазір 475 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 93, екінші облыстық ауруханада – 48 пациент,аудандық инфекциялық стационарларда - 33. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 60 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймаққа көшті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521