Атырау «сары аймақта»: Өткен тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталды

(0 Votes)

«Атырау облысында коронавирус жұқтырған 46 адам анықталды» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Инфекция жұқтырғандардың ішінде 15 адам Атырау қаласының тұрғындары. Скринингтік зерттеу кезінде Теңіз кенішінде 30 адамнан қауіпті инфекция расталды. Жылыой ауданынан 1 адамнан коронавирус анықталды.

Ауру 11 науқаста симптомды түрде өтуде. 35 науқас инфекцияның симптомсыз түріне шалдыққан. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 21 адам сауығып шықты.

Қазіргі таңда үй жағдайында 126 науқас ем алуда. Облыстық инфекциялық стационарда 60 адам, аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 науқас ем қабылдауда.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521