АПВ-ға қарсы вакцинация күзде басталады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына

20 ақпан №102 қаулысымен өзгеріс енгізілді. Бұнда Қазақстан Республикасының Профилактикалық екпе егу Ұлттық Күнтізбесіне адам папилломасы вирусы туғызатын ауруға қарсы 11 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетіні енгізілді.

АПВ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?  Адам папилломасы вирусы - бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.

АПВ ВИРУСЫ ҚАНДАЙ ҚАУІПТІЛІК ТӨНДІРЕДІ?

Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, нәтижесінде папилломалар пайда болады (сүйел өсінділері) және жасушалардың қатерлі ісігінің деградациясы мен жатыр мойны обыры сияқты қатерлі ісіктің дамуына қоздырғыш болады.

АПВ ВИРУСЫ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

АПВ вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:

ТҰРМЫСТЫҚ ЖАНАСУ ЖОЛЫМЕН

АПВ қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін.

Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға - сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.

ЖЫНЫС ЖОЛЫМЕН

Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.

ТІКЕЛЕЙ ЖОЛМЕН ТУУ КЕЗІНДЕ

Вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

ӨЗІНЕ-ӨЗІ ЖҰҚТЫРУ ЖОЛЫ

АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.

АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ЕНГІЗУ

Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден бір әдісі - бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалынады.

2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.

АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін

ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшықетіне бұлшықет ішіне енгізіледі.

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакциналар иммунитеті әлсіреген адамдар үшін қауіпсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT