Алдын алудың ең тиімдісі – екпе!

(0 Votes)

Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Мамандардың мәліметінше, аурудың таралуы білінгеннен бері жұқырғандардың жиырма мыңға жетті. Біздің ауданымызда да жағдай мәз емес.

Осы орайда аудан әкімі жанынан аурудың алдын алу мақсатында комиссия құрылып, жұмыс жасай бастады. Дәрігерлер аурудың белең алуы азаматтардың, әсіресе балалардың қызылшаға қарсы екпе алмауынан дейді. Қызылша – ауа-тамшылары арқылы таралатын, жедел вирусты инфекциялар қатарына жатады. Дерттің өзі қауіпті болмағанымен, оның ауыр пневмония (өкпенің қабынуы) бронхопневмония, бронхиттер, ми қабықшаның қабынуылар адамның өліміне әкелуі мүмкін. Жалпы қызылша балалар инфекциясы болғанымен, онымен бала кезінде екпе алмаған ересектер де ауратын көрінеді.

Ауруға қарсы вакцина табылғанға дейін міндетті түрде барлық бала ауыратын болған. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарға дейін ауруға қарсы жаппай иммунизация жүргізгенше, дүние жүзінде 6 млн-ға жуық бала қызылша ауруының асқынуынан қайтыс болған екен. Вирустың өзі қоршаған ортада өте төзімсіз, 30-40 минуттың көлемінде өліп қалады. Күн көзіне, кептіруге шыдамсыз, ал төменгі, ылғалды температурада жақсы сақталады.

Қазіргі уақытта ауданда аурудың алдын алудың жалғыз жолы – қызылшаға қарсы екпе алу (иммундау күні) жүргізіліп жатыр. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ» деген, балаларыңызды екпеге әкеліп, вакцина салдырып алғандарыңыз абзал. Жалпы 30 жасқа дейінгі ересектер өздерінің, ата-аналар балаларының қызылшаға қарсы екпе алған-алмағандарын тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан медицина мекемелерінен анықтап, алмағандар және құжаты жоқтар осы иммундау кезеңінде тегін екпе алғандары жөн. Әрбір адам өз денсаулығына, әсіресе, әр ата-ан балаларының денсаулығына баса мән беруді ұмытпау маңызды. Мектептер мен білім беру ұйымдарында баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарымен пәрменді түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Осы жерде жағымсыз көрініс қылаң береді. Қазірде екпе (вакцина) салуға қарсы дін жолындағысы, басқасы бар ата-аналар көбейіп келеді. Дәрігер мамандар баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын ек¬пенің зияны жоқтығын жер-жерде айтып жүр. Екпе алмаған баланың ертеңі бұлыңғыр. Мұны дамыған елдің медицинасы әлдеқашан дәлелдеп қойған. Екпе жайында жазылған мақалаларды сараласақ, оның зиянынан пайдасы көп екеніне көз жеткізе аламыз. Себебі, осының арқасында талай бала өлімнен аман қалды, аурудан аулақ жүріп аман-есен өсіп кетті. Екпе жасау – адамзаттың үздік жетістігінің бірі. Олай дейтініміз бір кездері жас нәрестені қынадай қырған қатерлі дерттер бұл күнде атымен жойылды. Ендеше екпеден ат-тонын алып қашудың еш негізі жоқ, түрлі себептер айтып одан бас тарту надандықтың көрінісі. Дүниеде балаңыз ауырмағаннан артық не болуы мүмкін, ойланыңыз ата-ана!

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT