Ақ халаттылар аудандық семинар өткізді

(0 Votes)

Аудандық емхананың мәжіліс залында «Құрманғазы ауданы аумағына этиологиясы белгісіз коронавирустың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс шараларды күшейту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Оны аудандық орталық аурухананың директоры Г.Мүтиева ашып, семинар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және аудандық орталық аурухананың бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асып жатқанын қаперледі.

utarov

utarov1

«Этиологиясы белгісіз коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы және санитарлық індетке қарсы алдын алу шаралары» туралы аудандық ТКҚСҚБ басқармасының басшысы Карл Отаров баяндама жасады. Аудандық аурухана жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері М.Абдуалимова «Этиологиясы белгісіз коронавирустың клиникасы, диагностикасы, емдеуі» жөнінде ақпарат ұсынды. Аудандық аурухананың дәрігер эпидемиологі А.Сисенәлиева «Коронавирустың зертханалық диагностикасы. Науқастан сынамалар алу және оны тасымалдау ережелері» туралы түсінік берді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521