Ақ халаттылар ардақталды

(0 Votes)

Медицина қызметкерлерінің күніне орай С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Абыройлы, ақ халатты абзал жан» атты салтанатты шара өтті.

Аудан әкімі Марат Мурзиев кәсіби мереке иелерін құтықтап, жылы лебізін білдірді.

– Ата Заңымыз бойынша мемлекеттің басты құндылығы - адам өмірі, денсаулығы, бостандықтары мен құқықтары. Сол себепті, адам денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлер қашанда ерекше мамандық иелері ретінде құрметтеледі. Науқастардың қас-қабағына қарап, тәулік бойы жанынан табылып, дертінен айығуына көмектеріңізді тигізіп келесіздер. Соңғы екі жылда әлемдік індет таралғанда біліктіліктеріңіз бен тәжірибелеріңізді көрсетіп, жұмыстарыңызға үлкен жауапкершілікпен қарап, талайлардың өмірін сақтап қалдыңыздар. Сіздердің арқаларыңызда індет жұқтырған адамдар ажал аузын анаман қалып, отбастарына оралды. Сол себепті аудан басшысы ретінде үлкен алғысымды білдіремін. Екі жылға созылған індетпен соғыста жеңімпаз болып шықтыңыздар. Соңғы жылдары мемлекетімізде медицина саласына үлкен көңіл бөлініп, озық технологиялармен жабдықталуда. Ауданымыздың да бірқатар дәрігерлері шетелдерде болып, тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды. Мұны 2025 жылға дейін жалғастырмақ жоспарларымыз бар – деп бір топ ақ халаттыларды марапаттады.

66cfc034-71a7-4acc-8cf1-57dbecd6dc12

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін аудандық аурухананың онколог дәрігері Галина Чаплыгинаға, Ұлттық медициналық ассоциациясы басқармасының «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелігісімен Алға дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Інжу Ибраеваға табыстады. Өзінің Алғыс хатымен сала ардагерлері мен қызметкерлері Ақжамал Қауысқызын, Бейбіт Қанатовты, Әсел Қабдолованы, Сабыржан Ықыласовты, Алтынай Ізмағанбетованы, Балтабай Баритовты, Мөлдір Ғайнелованы ұлығылады.

dda30f17-2a80-4dea-9021-104b54d4d1df

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Айгерім Нұрпейісова құттықтау сөз сөйлеп, марапаттаулар жасады. Шара барысында аудан өнерпаздары мен медицина саласының қызметкерлері бірлесіп шағын концерт ұсынды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521