Атырау облысында 722 жұп экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) кезегінде тұр, деп хабарлайды ATPress.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл 37 атыраулық жұпқа ЭКО квота берілген.
«2019 жылы 30 жұп ЭКО қызметіне жүгінуге мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта квотаға өтініш берген әйелдердің жас ерекшелігі 24-42 жас аралығында», делінген Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, ел бойынша 14 мекеме жасанды жолмен ұрықтандыру қызметін көрсетеді. ЭКО қызметін пайдаланушыларға қаражат Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленіп отыр.
Фото ашық дереккөзден алынды