20 қыркүйектен бастап қатаң карантин енгізілетіні рас па – Бас санитардың жауабы

(0 Votes)

Ел ішінде 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізілетіні жөнінде қауесет тарауына байланысты Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ресми мәлімдеме жасап, мұндай ақпаратты жоққа шығарды.

«Маусым-шілде айларындағы жағдайға қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ», - деді Бас санитар дәрігер.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қабылданатын шаралардың барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 52 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 106 855-ке жетті. Індеттен 100,6 мыңнан астам адам емделіп шықты. 1634 науқас көз жұмды. Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан тамыз айынан бері 328 отандасымыз қайтыс болды.

https://turkystan.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521