146 адам үй жағдайында емделіп жатыр

(0 Votes)

Атырау облысындағы 146 адам үй жағдайында ем алып жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Өткен тәулікте облыс бойынша үй жағдайында емделген 49 адам қауіпті инфекциядан жазылды. Қазіргі уақытта 146 адам үй жағдайында ем алып жатыр. Ал инфекциялық стационарда коронавирусқа қатысты ем алып жатқандар саны - 58. Олардың 30-ы №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында болса, 28-і Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық стационарында емделуде. ⠀

Ауырғандардың 35-інде дәлелді ковид жұқпасы болса, 21 науқасқа коронавирусты пневмония диагнозы қойылған. Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр. ⠀

Айта кетейік, облыс бойынша пандемия басталғалы бері 11178 адам қауіпті індетке шалдыққан, оның ішінде 10905 адам жазылып шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521