Қашықтан оқытудың технологиясы түсіндірілді

(0 Votes)

Сәуірдің 2- і күні пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Бірыңғай қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналысы өткізілді.

 Сынып жиналысы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде және Whats App әлеуметтік желісінде өткізілді. Мектеп директоры Ажгалиева Толкын Кадырбаевна ата-аналарға қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі туралы, сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, пандемия кезеңінде білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етті. Сынып жетекшілер негізгі тақырып бойынша басты мәселелерді баяндады.

2

Ең бастысы – ата-аналарға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айтты.

- телесабақтар, көргеннен кейін білім алушылармен кері байланыс жасау.

-Қазақ радиосына, Классик радиосына арналған теле-сабақтардың аудио нұсқалары, тыңдағаннан кейін білім алушылармен кері байланыс жасау;

- интернет болмаған жағдайда әрбір оқушы үшін жеке жоспар негізіндегі сабақтар берілетіндігі туралы ұсынымдар.

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруға қойылатын кейбір маңызды талаптар:

1. Жабдықталған жұмыс үстелі табиғи жарық көзінен алыс болмауы тиіс.

2. Оқу жабдығы бар жұмыс орны, егер үйде кішкентай балалар болса, олардың бақылаусыз қолжетімділігінен қорғалуы тиіс.

3. Барлық техникалық және өзге де құралдар бір-біріне жақын жерде, баладан қол созым қашықтықта орналасуы тиіс.

4. Жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдану керектігі.

2

Білім алушылардың үйде болуын нәтижелі ету үшін ата-аналарға жағымды отбасылық және өзіндік белсенділікке ықпал ету қажет: үйді бірлесіп жинау, бүкіл отбасыға арналған дене шынықтыру, спорттық жаттығулар, қызықты фильмдер көру, виртуалды мұражайлар мен театрларды тамашалау, кітаптар оқу,қолөнерге баулу және т.б. Балалардың жеке гигиена ережелерін сақтауын міндетті түрде қадағалау қажет. Қашықтықтан білім беру процесін ұйымдастыру кезінде ата-аналармен сапалы кері байланыс орнады.

Ата-аналардың айтуынша, «бүгінгі кездесуден көптеген сұрақтарға жауап алдық , мектеп директорына алғыс айтамыз, бейне-хабарламасын тыңдау барысында үлкен қолдауды сезіндік. Біз өз тарапымыздан барлығына қолымыздан келгенше көмектесеміз. Қазіргі уақытта қолдау барлық адамдар үшін өте маңызды»,деген құнды ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Ата-ана мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521