«Жас ұстаз: табысқа апарар жол»

(0 Votes)

Осындай атаумен Атыраудағы NIS-те облыстық жас ұстаздар форумы өтті.
 

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Атырау қаласындағы филиалы, Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинеті, сондай-ақ, Атырау қаласындағы NIS бірлесіп ұйымдастырған шараға облыстың 150 жас ұстазы қатысты.
 
Жас мұғалімдермен жүйелі жұмыс жүргізу, жас мамандардың педагогтік қызметінде жетістікке жету бағдарын құру және кәсіби дамуын ынталандыруды мақсат еткен ұйымдастырушылар форум бағдарламасының ерекшелігіне жіті мән берген.


z 


Жас ұстаздар алдымен  «Біз бір командамыз» тренингіне қатысты. Форумның ашылу салтанатына Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнара Манапқызы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  
 
– Бүгін бізде аймақтық ұстаздарға арналған форумның екінші кезеңі өтіп жатыр. Форумның мақсаты анық, маңызы өте зор.  Қазіргі таңда әлемдік білім тенденциясына сәйкес болу үшін ұстаздарға артылар жауапкершілік те аса зор. Оған сай болу үшін ұстаздарымыз терең білімді болуы шарт. Оларға бұл тұрғыда қолдау білдіріп, демеу беруде осы шараның маңызы зор деп білемін, – дейді басқарма басшысы.
 
Қатысушылардың да форумнан түйгені мол.
 
–  Бүгінгі шеберлік дәрістерінен өзіме көп ақпарат аларыма сенімдімін, себебі, спикерлердің бәрі де осал емес. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік, – дейді №34 көп салалы мектеп гимназиясының математика пәні мұғалімі, педагог модератор. Алтынгүл Биханқызы.
 
Айта кету керек, Атыраудағы NIS оқушыларының көлеңке театры ұсынған қойылым қатысушыларға ерекше әсер етті. Сондай-ақ, мотивациялық спикерлердің сөздері қатысушыларға тың серпіліс берді.  
 
«Айналма әткеншек» әдісімен өткен жас ұстаздардың шеберлік дәрістері де қоржынды тың тәжірибемен толтырды.
 
Ал, Атыраудағы NIS психологтарының «Эмоционалды зиятты дамыту» жөніндегі тренингтері облыстық жас ұстаздар форумы қатысушыларына ерекше әсер қалдырды.


zhas-staz1 


Сабақ барысында ұстаздар эмоционалды интеллект тақырыбына терең үңіліп, оның өмірде өте маңыздылығына жіті тоқталды. Теориялық тұрғыдағы дәріс сәлден соң қызықты практикалық тапсырмалармен жалғасты. Қатысушылар эмоционалды интеллектті дамыту техникаларын, оны өмірде қолдану тәсілдерін ашық таллқыға салды.
 
–   Бұл мәселе  өзекті. Әсіресе, ұстаздар өз шәкірттерімен оңай тіл табысу үшін ең әуелі өз эмоциясын түсініп, оны басқарып білуі қажет. Тек оқу процесінде ғана  ғана емес, күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста да қажетті дағдылар, әлбетте, зор маңызға ие, –  дейді  психолог Раушан Бердиева.
 
Ал, Атырау қаласындағы Ы. Алтынсарин мектебінің математика пәні мұғалімі
Мирас Шияпов мотивациялық спикерлерден көп тәжірибе алғанын жеткізді.
 
– Сыныптың құрамында әртүрлі отбасылар болады. Осыған байланысты, түрлі мінез-құлықтағы оқушыларлың барлығын бір топта жұмылдырып, бір толқында олардың  барлығының дос болуына қандай жағымды психологиялық ахуал тудыруым керек деген өзімде  сұрақ болды. Сол сұраққа Ануар Жұмыбай мырзадан жауап алдым. Енді мен қалай жұмыс жасау керектігн білемін, – дейді жас ұстаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521