Жасөспірімдер жүгенсіздігі жағаңды ұстатады

(0 Votes)

Бүгінде кәмелет жасына жетпей жатып қылмысқа баратындардың саны артқаны байқалады.

Жеткіншектердің бұзақылыққа көп баруына ұялы телефонның кең қолданысқа ие болуы да түрткі екендігін айтуға тиіспіз. Өзгенің қолындағы жылтыраған бұйымды иеленуге деген құштарлықтың арты қылмысқа апарып соқтыруда.Тізе берсек, жас өскіндердің қатысуымен болған құқық бұзушылықтар шаш етектен. Тіпті, бұғанасы бекімеген жас буынның арасында суық қару ұстап адам өліміне апарған қайғылы жағдайлар да жоқ емес.Иә, балалық шағында-ақ, қылмыстың «дәмін татқандарды» дұрыс жолға салу да оңайға соқпайтыны анық.

Абай атындағы жалпы орта мектепте АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының ұйымдастыруымен жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы оқушылардың арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар жөнінде мектеп директорларымен кездесу өтті. Сонымен қатар, оған АПБ бастығының бірінші орынбасары Найзабек Құбашев, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мерей Әжігереев, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еділ Баяров және учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. АПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ полиция майоры Жарас Бектеміров күн тәртібіне тоқталып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға орай ҚР ІІМ-нің нұсқауымен таныстырып, республика көлемінде орын алғанқайғылы жағдайларды тілге тиек етті. Өрімдей жастардың адам денсаулығына қауіп төндіріп, жарақат салу, соққыға жығып, тонау сияқтықадамдарға баруына не түрткі болды екен деген ойда қаласың.

img_6392

Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Е.Баяров кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеу бағытында атқарылған жұмыстарды саралады. АПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ полиция майоры Ж.Бектеміров Құрманғазы ауданының білім беру ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция қызметкерлерінің мектептерде атқарылған жұмыстары туралы хабараламасын жасады.

– Есепті мерзім ішінде аудандық полиция бөліміне 243 жасөспірім жеткізілді. 214 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін әдейі орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен 12 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына 22 іс-құжат жолданды. 17 жасөспірім полиция бөлімінің есебіне алынды. Оның ішінде 1 кәмелетке толмағанға сот органымен мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленсе (Ломоносов орта мектебінің оқушысы К.Телятов), енді біреуіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды (Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің студенті А.Қуанышқалиев).

Сонымен қатар, 2019 жылы 5 ата-ана қолайсыз отбасы ретінде профилактикалық есепке қойылды. Атқарылған шараларға қарамастан, мектеп оқушыларымен жасалған қылмыстар саны азаймауда. Биыл 9 қылмыстық іс тіркелді. 2018 жылы оның саны 4-еу болатын.

Былтырғы жылы желтоқсан айында кәмелетке толмағандар Т.Ү. пен Н.С. Құрманғазы ауылының ішінде ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігімен көзделген эпизодты түрде 5 қылмыс жасаған. Ол 2019 жылдың қаңтар айында ашылған. Қазіргі уақытта аталған қылмыстар ҚР ҚК 68 бабымен, ҚПК 35 бабы 1 бөлігі 12 тармағымен қысқартылды. Қиғаш орта мектебінің оқушыларымен жасалған бопсалау 2 фактісі және 1 бұзақылық тіркелді. Жалпы айтқанда, 9 қылмыстың 4-еуі мектеп оқушыларымен жасалған. Олар бойынша осы мектепке бекітілген инспекторлар жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дей келе, хабарламашы түнгі рейдтік шараларды жандандыру, балаларға смартфон пайдалануға қатаң тыйым салу туралы өзінің ұсыныстарын ортаға салды.

img_6394

Сондай-ақ, мектеп директорларынан оқушылармен зорлық-зомбылыққа, суицидке, ерте жүктілікке қатысты жүргізілетін анонимді сауалнамалардың қорытындысымен бөлісіп отыруды сұрады. Әуезов атындағы жалпы орта мектептің директоры Марат Ғилаев білім ұяларына инспекторлардың жетіспейтінін алға тартты. Ж.Бектеміров мұны ІІМ-нің реформаларына сәйкес штат бірлігі жылдан-жылға қысқарып келетінімен түсіндірді. Кездесу қорытындысымен мектеп басшылары мен полиция қызметкерлерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселеге орай ортақ ұсыныстары назарға ұсынылды.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT